Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын “Ұшар” деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет – ғұрыпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол ұшты – күйлі жоқ боп шығады. “Ескі жұртта қалған болар!” – деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай – сүйекті сарқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген ана:

Жалғызымнан айрылдым,
Қанатымнан қайрылдым,
Ұшар, Ұшар, кә, кә...- деп аңырайды.
Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінен айрылған тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты шығарған күйі “Ұшардың ұлуы” деп аталады.

 

 

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top