1mausym baikau

«ҚОБЫЗДЫҢ ҚОРҚЫТ ДЕГЕН ИЕСІ БАР» атты оқушылар арасында онлайн форматта өткізілетін сурет салу байқауының

🔊 ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты: Бүкіл түркі халықтарына ортақ Қорқыт мұрасын насихаттай отырып, мәдениетіміз бен өнерімізді дамыту.
Шараға қатысушы оқушыларға тұтас түркі дүниесіне ортақ тұлға, алғаш қобызға тіл бітіріп, оның қыл ішегінен жаһандағы жаратылыс атаулының үнін күй етіп сөйлеткен өнер иесі, бабадан балаға мирас болған ұлттық өнердің атасы - Қорқыт ата туралы аңыздарды келтіре отырып, ұрпақ тәрбиелеуде Қорқыт мұрасының маңыздылығын насихаттау.

📁Байқау шарттары:

Байқауға барлық мектеп жасындағы оқушылар қатыса алады:

♦️Суреттер кез келген материалда (ватман, кенеп және т.б.), кез келген сурет салу техникасында (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) орындала береді.
♦️Байқауға жіберілетін жұмыстар А4 (210х290) форматынан кем және А3 (420х580) форматынан үлкен болмауы керек.
♦️Байқау жұмысына қоса, автор туралы төмендегі ақпараттар берілуі керек:( аты-жөні, мектебі,сыныбы)
♦️Байқау қатысушы оқушылардың жұмысын қашықтықтан әділ қазылар бағалап, жеңімпаздарды анықтайды.

🔊 Байқаудың өткізілетін мерзімі:
⏳26-30 мамыр аралығы.
🔊 Байқау қорытындысы 1 шілде күні "Қорқыт ата мемориалды музейінің" фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланады.
✅Жеңімпаздардың марапаттары электронды пошта арқылы жіберіледі.

Байланыс тел: 8724 37 4 04 67
8 707 293 1809 (ватсап нөм)
Электронды пошта: korkyt-ata.museum@mail ru Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
qorqyt.kz

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top