«Қорқыт ата» мемориалды кешенінің 40 жылдығына орай Қорқыт ата мемориалды музейінің ұйымдастыруымен «ҚОРҚЫТ АТА МҰРАСЫ МӘҢГІЛІК» атты тақырыпта оқушылар арасында онлайн шығарма жазу байқауының

Е Р Е Ж Е С І

Байқаудың мақсаты:
Қорқыт ата тағылымын қайта жаңғыртып, оларды өскелең ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызды құрал ретінде қарастыру – заман талабы мен қоғамның қажеттілігінен туындап отырған құбылыс екендігін сезіне отырып, Қорқыт ата мұраларын өскелең ұрпақтың тәрбиесінде пайдалану.
Байқау келесі тапсырмалар бойынша өтеді:

Ұлы өнерімен Ұлы даланы тербеткен, мәңгілік өмірдің жоқшысы, күллі түркі әлеміне ортақ тұлға – Қорқыт ата мұралары туралы эссе жазады
– Қорқыт ата кешені;
– Қорқыт ата кітабы;
– Қорқыт ата күйлері;
– Қорқыт атаның нақыл сөздері;
– Қорқыт ата туралы аңыздар:

Байқаудың шарттары:
– Байқауға кез келген мектеп жасындағы оқушылар қатыса алады.
– Эссе жалпы көлемі басылған мәтін 2-3 парақтан (А4) аспауы қажет, Times New Roman қарпімен 14-көлемдік әріптермен теріліп жазылып тапсырылуы тиіс.
Қазылар алқасы үміткерлердің білімі мен өнерін бағалау кезінде олардың:
– ойдың нақтылығын;
– авторлық көзқарасқа, сөз көркемдігі мен сөз қорының молдығын;
– тақырып пен жанрға сай болуына назар аударады.

Құжатқа қатысушының фотосуреті, оқу орны, байланыс номері қоса тіркелуі қажет.
Байқауға сұраныс және материалдар онлайн режимде Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына 2020 жылдың 30 қарашасына дейін жолдануы тиіс.
Байқау жеңімпаздары марапатталады және үздік шығарма Facebook әлеуметтік желісінде жарияланады.

Сұрақтар бойынша төмендегі байланыс нөміріне хабарласуға болады:
тел: 8/724/37/ 4-09-70, 8 /777/ 5630541, 8 /707/ 2931809

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top