Қорқыт ата мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы аясында "Таным мен тағылым" тақырыбында онлайн конференция өткізілді.

Конференцияға белгілі жырау "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісінің, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы, аты алты Алашқа мәлім Жиенбай жыраудың ұрпағы Бидас Рустембеков, сонымен қатар ауданымыздың белгілі өнерпаздары облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары жырау Айгерім Ешбаева, қобызшы Зияда Жанабергенова, жас домбырашы Руслан Бөлегенов қатысты. Конференция барысында еліміздің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері туралы, ауқымды бағдарламалар және жер мен тіл жайы, т.б. маңызды дүниелер қамтылды.

Расыменде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.

tanym men tagylym2

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top