Қорқыт ата мемориалды кешені
Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерінің бірі - Түркі тілдес елдердің ұлы бабасына арналған Қорқыт ата мемориалды кешені болып табылады.
2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Қорқыт ата мемориалды кешеніне көркемдік деңгейі жоғары, тарихи-мифологиялық мән-мазмұны терең, архитектуралық шешімі заманауи талаптарға сай соңғы үлгіде жасалған берік табиғи құрылыс материалдарынан қайта жаңғырту жұмыстары (реконструкция) жүргізілді.
Кешеннің аумағы ұлғайтылып, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жасалған. Мұндағы ғимараттар қазіргі заман талабына сай үлкейтілген.
Кешендегі басты ескерткіш – қобыз бейнесіндегі стелла 8 метрден 12,1 метрге биіктеді.