Үсіміздегі жылдың 02 ақпанында Қорқыт ата мемориалды музейінде Сыр сүлейлерінің жалғасы, Рүстембек жыраудың алтын тұяғы, Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі, белгілі жырау Бидас Рустембековтың 70 жасқа толуына орай кездесу кеші ұйымдастырылды.

Қазақ руханиятының шоқтығы биік бір саласы – жыраулық өнер. Ханнан бастап қарашаға дейін бас иген ұлы жыраулар халық тарихының мәңгілік жыр-шежіресін жасап кетті. Алаштың өр рухы мен болмыс-бітімін бедерлей таңбалап, ешқашан ескірмес үлгі қалдырды. Отаншылдық сарын тұнып тұрған қайраткер жыраулар поэзиясы – туған ел мен жерге адалдық, ар-намыс пен адамдық қадір-қасиеттің туын биікке көтерген асыл мұрамыз, баға жетпес рухани қазынамыз. Тарихтың теперішін көп көрсе де осынау бірегей тарихи-мәдени құбылыс ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Әлем мәдениетінде теңдесі жоқ бұл өнердің бір тармағы – Сыр сүлейлерінің мектебі. Осы өңірде туған жыршы – Жиенбай жыраудың туған немересі, әйгілі жырау Көшеней Рүстембековтің інісі ­ Бидас РҮСТЕМБЕКОВ.

zhyr zhasampozymen kezdesu2

zhyr zhasampozymen kezdesu

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top