«Қорқыт менің жүрегімде» тақырыбындағы шығарма жазу байқауының ережесі
1. Байқау мақсаты –Қорқыттың өмір жолымен және шығармашылығының тарихилығын, көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, әдеби танымдық ұғымын кеңейту. Аңыз әңгімелерін талдау арқылы өзіндік жұмыс істеуге машықтау, шығармашылықпен жұмысқа жетелеу.
2. Шығарма желісіне Қорқыт атаның шығармашылығы мен аңыздары арқау болады.
3. Байқау шарттары мен талаптары:
— шығарма 2021 жылдың 18-25 наурыз аралығында қабылданады;
— байқауға 9-15 жас аралығындағы кез-келген мектеп оқушылары қатыса алады;
—шығарма көлемі 3-4 беттен аспауы тиіс, 14 мөлшеріндегі Times New Roman қарпімен теріледі;
— үздік деп танылған туындылар Қорқыт ата музейінің әлеуметтік парақшаларында жарияланып, арнайы дипломдармен марапатталады.
4.Үміткерлер өз туындысын Қорқыт ата музейінің электрондық Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. поштасына жібере алады. Жолданған хатта автордың толық аты-жөні, мүмкіндігіне қарай фотосуреті, мекенжайы, телефоны, мектебі, сыныбы туралы мәлімет толық көрсетілуі тиіс.
Байланыс тел: 87471734370

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top