Үстіміздегі жылдың 15 қазан күні Қорқыт ата мемориалды музейінің жұмыс жоспарына сәйкес Қармақшы ауданындағы Көшеней Рүстембеков Жыраулар Үйінің үйірме оқушыларына "Көшеней Рүстембековтың домбырасы" атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Қорқыт ата мемориалды музейінде Сыр елінің жырауларына арналған экспозицияда орналасқан Көшеней Рүстембековтің домбырасы жайлы экскурсия жүргізіліп, өмірден ерте кеткен қазақтың жырау-әншісі Көшеней Рүстембекұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз қозғап, дастан толғаулар орындалды.

koshenej rustembekovtyn dombyrasy2

koshenej rustembekovtyn dombyrasy3

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top