2019 жылдың 20 желтоқсан күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында «Қорқыт ата мемориалды музейі» және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Археология және этнография» ҒЗО бірігіп «Қорқыт ата және оғыз археологиясы» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – Аудан тұрғындары, мектеп оқушылары мен қонақтарды Қызылорда облысы Қармақшы ауданы территориясында орналасқан ортағасырлық Сортөбе қалашығына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлермен таныстыру. Жастардың, өскелең ұрпақтың бойына өлкеміздің тарихына, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту.

Ортағасырлық Сортөбе қаласына тарихи-танымдық саяхат


Өткізілген орны: Қармақшы ауданы Ортағасырлық Сортөбе қалашығы
Мақсаты: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, болашаққа аманат екенін түсіндіру, тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту, саулет ескерткіштері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Қысқаша мәлімет: Ортағасырлық Сортөбе қалашығы Қармақшы ауданы Жосалы кентінен 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Қала төрт бұрышты, 3/1 бөлігін Сырдария арнасы көтерілгенде су шайып кеткен. Алғаш рет 2007 жылы Ескерткіштер қорғау тізіміне алынды. 2017 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылода мемлекеттік Университетінің зертеуші-археолог ғалымдары қазба жұмыстарын жұргізді. Қазба жұмыстары барысында көптеген археологиялық бұйымдар табылды. Атап айтар болсақ, қазба жұмыстары барысында тасқа қашадған қобыз бейнесі табылды. Қазіргі таңда аталған құнды бұйым Алматы қаласызерттелуде.
Қатысқандар: Аудандан орталығындағы Ш. Уалиханов атындағы №26 мектеп-лицейінің оқушылары және Қазақстан-Қызылорда телеарнасының тілшілері
Ұйымдастырушылар: ғылыми қызметкер О. Бегалиев, экскурсовод А. Бермаханова.

Ортағасырлық Жанкент қаласына тарихи-танымдық саяхат

Жанкенттің гүлдену дәуірі IX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ол кезеңде Жент теңізі (азіргі Арал) маңынан үлкен тұз кені табылып, Қытай, Иран, Үндістан елдерімен сауда қатынастары жасалынған. Қыпшақ – қимақ тайпалары Қарсан өткелі арқылы Жанкентке келіп, сауда жасаған. Қалада құмыра жасаушылар, ұсақ қолөнершілер, зергерлер, қару-жарақ шығарушылар көп болған.Ал қала орталығы бөктердің баққа оранған биік дуалмен қоршаған үйлерінен тұрған. Жанкенттің сырты үш орам болып суға толтырылған орлармен қоршалған.Қаланың сыртпен араласатын төрт қақпасы болған.
Жанкент шаһары 15-20 гектар көлемде егіншілігі, саудасы дамыған қала болды.Қала маңындағы суландыру жүйелері, егіншілік- шаруашылықтың негізгі саласы болғандығын айқындайды. Жанкент орталығындағы базар алаңында әрбір жұма күні сауда қызу жүріп жатады.Оған Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай жібектері,Үнді маталары мен жемістері,араб құрмасы мен набаты,Ираннан құлдар әкелінген.
Қатысқандар: аудандан орталығындағы С. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің оқушылары және Қазақстан-Қызылорда телеарнасының тілшілері
Ұйымдастырушылар: ғылыми қызметкер О. Бегалиев, экскурсовод А. Бермаханова

Мақсаты: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, болашаққа аманат екенін түсіндіру, тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту, саулет ескерткіштері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізілген орны: Қазалы ауданы Өркендеу ауылы.

Қайырымдылық көрсету мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы Қорқыт ата кешеніне саяхат
Қатысқандар: Жалағаш ауданындағы Аль-Таир балабақшасында тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балалар
Ұйымдастырушылар: ғылыми қызметкер О. Бегалиев және экскурсовод А. Бермаханова
Іс-шара мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Іс-шара мақсаты: Қорқыт атаның өмірі мен өнерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырушы ретінде көрсету, ұрпақтарды адамгершілік, имандылық жолмен тәрбиелейтін ақын-жыраулар мұраларын ұлықтау арқылы ұлтымыздың мәңгілік даму жолын нығайту және оқушылардың танымдылығын арттыру.
Қатысқандар: Ү.К. Томанов атындағы №183 мектеп оқушылары
Ұйымдастырушылар: ғылыми қызметкер О.Бегалиев және А. Бермаханова.

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top