Ортағасырлық Жанкент қаласына тарихи-танымдық саяхат

Жанкенттің гүлдену дәуірі IX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Ол кезеңде Жент теңізі (азіргі Арал) маңынан үлкен тұз кені табылып, Қытай, Иран, Үндістан елдерімен сауда қатынастары жасалынған. Қыпшақ – қимақ тайпалары Қарсан өткелі арқылы Жанкентке келіп, сауда жасаған. Қалада құмыра жасаушылар, ұсақ қолөнершілер, зергерлер, қару-жарақ шығарушылар көп болған.Ал қала орталығы бөктердің баққа оранған биік дуалмен қоршаған үйлерінен тұрған. Жанкенттің сырты үш орам болып суға толтырылған орлармен қоршалған.Қаланың сыртпен араласатын төрт қақпасы болған.
Жанкент шаһары 15-20 гектар көлемде егіншілігі, саудасы дамыған қала болды.Қала маңындағы суландыру жүйелері, егіншілік- шаруашылықтың негізгі саласы болғандығын айқындайды. Жанкент орталығындағы базар алаңында әрбір жұма күні сауда қызу жүріп жатады.Оған Ұлы Жібек жолы арқылы Қытай жібектері,Үнді маталары мен жемістері,араб құрмасы мен набаты,Ираннан құлдар әкелінген.
Қатысқандар: аудандан орталығындағы С. Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің оқушылары және Қазақстан-Қызылорда телеарнасының тілшілері
Ұйымдастырушылар: ғылыми қызметкер О. Бегалиев, экскурсовод А. Бермаханова

Мақсаты: Оқушыларға тарихи ескерткіштер жайында толық мағлұмат беру, болашаққа аманат екенін түсіндіру, тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту, саулет ескерткіштері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізілген орны: Қазалы ауданы Өркендеу ауылы.

Пікіріңізді қалдырыңыз

Security code
Жаңарту

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top