kosherbaev eleu daribaiuly2

ҚОРҚЫТ АТА МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ 
Көшербаев Елеу Дәрібайұлы 
(18.03.1929-14.05.1993)

Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаев 1929 жылдың 18 наурызында Арал ауданында атақты жылқышы, Социалистік Еңбек Ері Көшербай Дәрібаевтың отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы педагогикалық институтты 1950 жылы айрықша дипломмен тәмамдайды да, сол жылы 21 жасында Қазалы ауданының Октябрь орта мектебіне директорлыққа тағайындалады.
1960-1962 жылдары Москвадағы СОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітіріп, Қызылорда облысындағы Қазалы, Сырдария, Тереңөзек аудандарында аудандық партия комитеттерінің екінші хатшысы, содан соң он жыл бойы Тереңөзек, Сырдария аудандық Кеңес атқару комитеттерінің төрағасы, облыстық Кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1975-1983 жылдыры Қармақшы, 1983-1991 жылдары еңбек демалысына шыққанға дейін Қазалы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін абыроймен атқарды. Құрметті зейнеткерлікке шыққаннан кейін облыстық ардагерлер ұйымы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Ұлттық аспаптардың ішіндегі қасиетті, киелі қобыздың үні сарнап тұратын тарихи орынды білмейтін адам кемде-кем. Ол – Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінің солтүстік-батысындағы 18 шақырым жердегі Қорқыт станциясына жақын орналасқан Қорқыт ата мемориалды кешені. Коммунистік партияның төбесі көкке жетіп тұрған тұста аудан басшысы қызметін атқарған Елеу Көшербаев кешеннің тұрғызылуына ерекше ықпал еткен.
Өзінің тікелей басшылығымен Қармақшы жерінде орнатылған Қорқыт атаға арналған ескерткіш түрік тілдес елдердің ортақ тағзым ететін, Орта Азия өңіріндегі санасында иманы бар әрбір пенденің арнайы іздеп келіп, мінәжат ететін орнына айналып отыр.

kosherbaev eleu daribaiuly3

 

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top