ibraev bek anuarbekuly

ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІНІҢ АВТОРЫ 
Ибраев Бек Әнуарбекұлы 
(1947-2019)

Сыр өңірінің тумасы, елімізге белгілі өнертанушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі, Халықаралық Сәулет академиясының академигі Ибраев Бек Әнуарбекұлы 1947 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Сәулетші Қазақ техникалық университетінің архитектура факультетін және аспирантурасын бітірген. 1970 - 74 жылдары осында оқытушы, 1978 - 86 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Философия және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер, 1987 - 90 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, 1990 жылдан «Елдана» жобалау бюросында археолог болып қызмет атқарады. Оның сәулет өнері саласындағы еңбектері:
Қорқыт ата ескерткіші (1980, Қызылорда облысы), Ш.Уәлихановтың мемориалды кешені (1985, бұрынғы Талдықорған облысы), Қабанбай батыр (1990) және Абай кесенесі (1995, Шығыс Қазақстан облысы), Райымбек батыр кесенесі (1992, Алматы қаласы; ) т.б.
Академик Әлкей Марғұланның деректерінде " Сырдария жағасында 1950 жылға дейін жергілікті халық қобыз атасы, жыршы, композитор, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы, аты аңызға айналған Қорқыттың мазары тұрған, Қорқыт қобызын сол молаға бірге қойған екен, тәңіріңнің шеберлігі, қобыз өзінен- өзі мұңды күй шертіп, Қорқыттың өзі тартқандай сарнап тұратын болыпты " және П.С.Спиридоновтың қазақтардан жазып алған аңызы бойынша Қорқыттың күмбезінен ертелі-кеш әдемі күйлердің толқынды үні естіліп тұрады деп айтылған.
1980 жылы архитектор Б.А.Ибраев Қорқыт ата мемориалды кешенінің жобасын осы деректерге сүйене отырып жасады. Бек Ибраев Қазақ ССР-ның 4-томдық қысқаша энциклопедиясына даярлаған Қорқыт ескерткіші атты мақаласында жария еткен, Қорқыт атаның жамбасы тиген жерге 4 тік стеладан тұратын, биіктігі 8 метр, жоғары жағына аузы кең түтіктер орнатылған ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің әрбір стеласы әр тарапынан қаратылып тұрғызылған құлпытастарға ұқсаса екінші жағынан аузы бара- бара кеңейе түскен түтіктер шартарапқа қаратылған қобыздың бейнесін келтіруі, аузы орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтіктің жел соққанда қобыз сарынымен үндес дыбыс шығаруы - Әлкей Марғұланның жоғарыда аталған зерттеуінде деген пікірімен үндеседі.

ibraev bek anuarbekuly2

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top