"Егемендікке қолы жетіп, өзінің өткеніне
көз жібере бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт
бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі рухани
мұралардың маңызы өзгеше зор..." Н.Ә. Назарбаев.

  • Кәсiпорын қызметiнiң мәнi:.
  • Кәсiпорын қызметiнiң мақсаттары:
  • тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды, түгендеуді, жинақтауды, жаңғыртуды қамтамасыз ету;.
  • Кәсiпорын қойылған мақсаттарын iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:
  • қорды ғылыми жинақтау мақсатында тарихи-этнографиялық, археологиялық экспедициялар, барлауларды ғылыми іссапарлардың көмегі арқылы жүзеге асыру;
  • мемлекеттік мұрағаттарда, кітапханаларда, жеке коллекцияларда және басқа да мұражайлар қорында сақталған деректерді іздестіріп, зерттеу;
  • жергілікті тұрғындардан сирек кездесетін тарихи және этнография материалдарын іздестіру, сатып алу;
  • өндірістік орындарда, мекемелерде және оқу орындарында тарихи оқиғаларға қатысушылармен, еңбек ардагерлерімен тығыз байланыса отырып, халық арасынан деректерді жинауды ұйымдастыру;
  • тұрақты экспозицияларды жоспарлап және жылжымалы көрмелерді ұйымдастыру;
  • жұртшылықты мұражайдан тыс жұмыстармен қамту;
  • мұражайдың тұрақты экспозициялары мен көрмелерін және қор коллекцияларын пайдаланып, бұқаралық-ғылыми ағартушылық жұмыстар жүргізу;
  • тұрақты және жылжымалы көрмелерді пайдаланып, тақырыптық және жалпы шолу экскурсияларын жүргізу;
  • мектеп оқушыларына тарих сабағынан үйірмелік жұмыстар жүргізу;
  • мұражай залдары мен тарихи орындардың көрсеткіштерін, экспедициялардың есебін және мұражайдың іс-шараларын жария ететін ақпарат деректерін, өлкетану және мерейтойлардың күнтізбелерін, мектептер мен жоғарғы оқу орындарымен жүргізілетін жұмыстардың бағдарламаларын шығару;
  • мұражай жұмысының тәжірибесін жинақтау және қорытындылау;
  • мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен, шығармашылық одақтармен, әскери бөлімдермен, коммерциялық ұйымдармен келісімшарттар жасау.

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top