"Егемендікке қолы жетіп, өзінің өткеніне
көз жібере бастаған қазақ халқы үшін Қорқыт
бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі рухани
мұралардың маңызы өзгеше зор..." Н.Ә. Назарбаев.

Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы  – «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы.


Бақтияров Нұрлан Жеңісбекұлы - 1981 жылы 17 мамырда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Ақтөбе ауылындағы №109 қазақ орта мектебін бітіріп, «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дәстүрлі өнер-Жыр» кафедрасына оқуға түсіп, аталған оқу орнын 2002 жылы «Жырау-фольклортанушы, арнаулы пәндердің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне қарасты «2017» әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеген.

Еңбек жолы: 2004-2005 жылдары Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының маманы қызметін атқарды.
2005-2006 жылдар аралығы С.Майқанова атындағы қалалық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болып жұмыс жасады.
2006-2007 жылдары «Жастар бастамаларын дамыту орталығының» аға кеңесшісі қызметінде болды.
2007-2009 жылдар аралығы «Сыр орманы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2009 жылы Облыстық мәдениет басқармасының «Музей, кітапхана, ескерткіштерді қорғау бөлімінің» бас маманы.
2009-2011 жылдар аралығында Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметін атқарды.
2011-2012 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімін басқарды.
2012-2016 жылдар аралығында Қармақшы аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметінде болды.
2016-2019 жылдары «Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхананың» директоры қызметін атқарды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қорқыт ата» мемориалды музейінің» басшысы болып қызмет атқаруда.

Облыс әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының және қала, аудан әкімдері алғыс хаттарымен марапатталған.

Үйленген, екі қыз, 1 ұл тәрбиелеп отыр.

"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Қорқыт ата" мемориалды музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ресми сайты. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Шоссе Самара - Шымкент, 10 у.

Top