✅ ️6 шілде ‒ Астана күніне орай «Жаса, жайна ару қалам ‒ Астанам» тақырыбында Шабыт Үйірме Орталығында жазғы тынығу лагері оқушылары арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. ✅️ Көрменің мақсаты мемлекетіміздің жас қаласы Астананың тарихы мен құрылуы, әсем қаланың өсіп өркен жаюуы туралы балаларға таныстырып және балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, балаларға патриоттық сезімді дамыту, жас ұрпақты тәрбиелеу. ✅ ️ Өнер арқылы жасөспірімдердің бойындағы Отанға деген сүйішпеншілігін, патриоттық сезімін арттыру, салауатты өмір салтын ұстауға үйрету. ✅ ️Жас суретшілер өз қиялдарын ұштастыра отырып, суреттен сыр шертеді. Байқауға берілген уақытта қатысушылар жұмыстарын аяқтап, байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен балалар жұмыстарына жеке тоқталып, жүлделі орындар белгіленді.