Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумына қатысушы делегаттар Қорқыт ата мемориалды кешеніне арнайы келді. Қармақшы жұртшылығы жас делегаттарды арнаумен, жыр-термемен, ұлттық тағамдармен қарсы алды. Қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған сайыстар мен көрмені тамашалады. Сонымен қатар Қорқыт ата мемориалды музейімен танысып, баба рухына құран бағыштады.
