Экспедицияның мақсаты – еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін халықаралық деңгейде таныту.
Экспедицияға қатысушыларды Әжелер ансамблінің орындауындағы халық әндерімен қарсы алып, ұлттық тағамдардан дәм татқызып, музей экспозициясын аралап, қобыздың үні сарнаған кешенге экскурсия жүргізілді.
«Еуразия жүрегіне саяхат» халықаралық экспедициясы Мәскеу қаласынан басталған. Екі ай ішінде қатысушылар 8 мың шақырымнан аса жол жүріп, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріндегі 30 қалаға барады. Қазақстан аумағындағы маршрут елдің оңтүстігі мен батысындағы негізгі мәдени және туристік бағыттарды қамтиды. Олардың қатарында Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз және Алматы қалалары бар.
