Ақтөбе облысының Планетарийі МКҚК «Байқоңырдың ғарышы Қорқыттың әлемі» атты космонавтика апталығына орай Қорқыт ата музейінің ұйымдастыруымен «Қобыздың үні сарнаған Қорқыт ата кешені» тақырыбында көшпелі көрме өткізілді. Шараға ардагерлер, қала тұрғындары, В.Пацаев атындағы ЖҰМ-ның курсанттары мен мектеп оқушылары қатысты.
