Жанкент қалашығы IX-XI ғғ.
Табылған орны: Қызылорда облысы, Жанкент қалашығы, цитадель маңы
Кезеңі: IX-XI ғасырлар, Оғыз дәуірі
Материалы: Ірі қара малдың кәрі жілігінен ойып жасалған
Табылуы: Қазба барысында тұрғын үй қабатынан табылған
Сипаттамасы
Витринада түпнұсқасы және табылған жерінің фотосы қойылған. Бұйым Y-тәрізді, жоғарғы екі ұшы барыс (ілбістің) басы түрінде бейнеленген. Екі барыс бір-біріне қарап тұр. Тұтқасы оймышпен безендірілген, ортасында тесік бар.
Қызметі мен маңызы
Барыс – түркі халықтарында билік, күш, батылдықтың символы. Мұндай зооморфты (жануар бейнелі) бұйымдар оғыздардың дүниетанымын, тотемдік наным-сенімін және жоғары деңгейдегі қолөнерін шеберлігінің көрінісі.
Орта Азияда мұндай барыс бейнелі бұйым өте сирек кездеседі.
