Бүгін Қорқыт ата мемориалды музейінде ортағасырлық Жанкент қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына арналған басқосу өтті.
Шараға экспедиция жетекшісі Өзбекстан Республикасы Самарқанд археологиялық институтының археологы Aysulu Iskanderova , Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарих,археология және этнография» бөлімінің меңгерушісі Айсулу Ержигитова және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми орталығының ғылыми қызметкері, Тарих және Археология білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, (PhD), философия докторы Құрманиязов Ыслам, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының докторанты, өнер магистрі Назаров Ағабек, университет студенттері және Қорқыт ата мемориалды музейінің қызметкерлері қатысты. Басқосуда биылғы археологиялық қазба жұмыстары барысы және табылған жәдігерлер жайлы ақпараттар айтылды.
Жанкент қалашығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Археология және этнография» ғылыми орталығының және Халықаралық Түркі академиясының ғалымдары бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
