Жанкент қалашығы IX-XI ғғ.
Оғыз тайпаларының Сырдария жағасындағы ең атақты қалаларының бірі Жанкент қаласы. Жанкенттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолы бойындағы орналасқан сауда мен қолөнер орталығының бірі болған. Қазба жұмыстары барысында сауда айналымында болған тиындар Жанкент қалашығынан табылған.
Қалашық 15 гектар аумақты алып жатыр.Табылған тиындардың дені — мыс фельстер мен күміс дирхемдер. Бұл тиындардың бетінде араб жазуы, кейбірінде Оғыз тайпасының таңбалары кездеседі. Ғалымдардың пайымдауынша, тиындардың бір бөлігі Жанкенттің өзінде соғылса, бір бөлігі Хорезм мен Мавераннахрдан әкелінген. Бұл олжа Жанкентте: дамыған қалалық мәдениет пен ақша айналымы болғанын, Ұлы Жібек жолы бойындағы халықаралық сауданың белсенді жүргенін, оғыздардың өз теңге сарайы болғанын көрсетеді.
Қызыл қышты құмыралар. Жанкент қалашығы IX-XI ғғ.
Табылған орны: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент (Янгикент) қалашығы.
Кезеңі: IX-XI ғасырлар, Оғыз дәуірі.
Материалы мен техникасы: Қызыл балшықтан құйма қалыпта, қолмен және құмырашы дөңгелегінде жасалған. Сырты ангобпен (сұйық саз) қапталған, жоғары температурада күйдірілген.
Қызметі: Ас сақтауға, тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған ыдыс. Тұтқасы бар түрі – дастархан құмырасы.
Ерекшелігі: Жанкентте керамика өндірісі жоғары дамыған. Қызыл қышты ыдыстардың көптеп табылуы қалада арнайы қыш шеберханалары болғанын және отырықшы мәдениеттің қалыптасқанын дәлелдейді. Пішіні мен күйдіру әдісі Хорезм және Отырар мектептеріне жақын.
