Тарихы: Қобыз – VII ғасырдан, Қорқыт ата заманынан келе жатқан қазақ халқы үшін киелі аспап. «Қарағайдың түбінен қайырып алған, үйеңкінің түбінен үйіріп алған» қобызды қазақтың кие тұтуының өзіндік мәні бар. Бұл қобызды ойлап тапқан тұлға – Қорқыт атамен тікелей байланысты. Қобыз адамның дауысын, қасқырдың ұлуын, аққудың қиқуын, жел мен судың үнін бере алады. Қобыз ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Қобыз – бақсылардың, жыраулардың киелі аспабы.
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп, көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « – Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.
Қазақ жұрты қобыздың ерекше үнімен қоса, пішініне де зор мән берген. Қасиетті аспаптың аққу пішіндес сипатында өзіндік ерекшелік бар көрінеді. Академик Әлкей Марғұлан мұның себебін аққу құстың киелілігімен байланыстырған.
Витринада
1. Тік тұрған үлкен Нар қобыз – Қорқыт қобызының заманауи реконструкциясы. Теріден қапталған, ысқышы аттың қылынан жасалған. Басындағы ою – қошқар мүйіз, күн белгісі.
